Эко және этнотуризмді дамытуға басымдық беріледі
Елдегі туризм саласын қазіргіден де қарқынды дамытуға мүмкіндік бар. Ол үшін экономика, мәдениет, қауіпсіздік және бизнес – барлығы бір жерге тоғысуы қажет. Сонда ғана нәтиже болады. Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында елдегі туристік саланың әлуетіне де тоқталып, бірқатар мәселені атап өтті. Ал туризмі жақсы дамыған елдер оған қаржы салғысы келетін инвесторларға қолайлы жағдай жасап отыр. Қазақстанда су да, ну да тарихи орын да жеткілікті. Тек дұрыс инфрақұрлым тартып, қызметтің сапасы артуы тиіс. Қазақстанға жыл сайын бірнеше миллионнан шетелдік турист келеді. Олар негізінен эко және этно туризмге қызығады. 2025 жылы тек Шығыс Қазақстанға 1 миллион келсе, олардың көбі тарихи орындарды аралап, этно стильде өткен фестивальдерді тамашалаған.
Сымбат Рамазанов, туризм саласының сарапшысы:
Бізде табиғат та бар. Орналасқан локациясы да мықты. Шетелдіктер бізге осы тұмса табиғатты ғана көру үшін келеді. Біздің ұлттық болмысқа қызығады. Біздің тамаққа қызығады. Сондықтан да туризмде этносалаға көп мән беруіміз керек. Әрбір аудандағы мемлекеттік орган, әрбір әкімнің инвестиция тартуға деген өзінің мүмкіншілігі, қызығушылығы болу керек. Сондықтан осы тарапта да атқарушы билік көп жұмыс жасау керек деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы