Атырау облысында бір отбасының 6 адамына іздеу жарияланды
Атырау облысы Жангелдин ауылындағы жоғалған бүтін отбасы туралы әзірге ешқандай хабар жоқ. Із-түзсіз жоғалған 4 адамнан бөлек тағы 2 адамға іздеу жарияланған. Ол осы үйдің отағасының қызы мен күйеу баласы. Полицейлер ұялы телефон арқылы ол екеуінің 5 баласын тастап, Өзбекстанға өтіп кеткені туралы анықтаған. Ал қалған 4 адам сол күйі хабар-ошарсыз қалып отыр. Адамдардың жоғалғаны туралы арыз 25 желтоқсан күні ғана түскен. Қазір ішкі істер министрлігінен арнайы топ бөлініп, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалған. Жауаптылар әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырып, бұл олардың жұмыстарына кері әсерін тигізетінін айтты.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04