Таразда 120 орындық әскери казарма ашылды
Таразда Президент тапсырмасы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 120 орындық әскери казарма ашылды. Нысан аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамына арналған.
Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың қастысуымен ашылған жаңа ғимаратта 99/205 әскери бөлімі жауынгерлік дайындығын пысықтайды. Сондай-ақ сарбаздар өңірдегі стратегиялық маңызы бар нысандарды күзету мен қорғау міндеттерін атқарады. Казарма құрылысы 2024 жылы басталып, 2,2 млрд теңге бөлінген. Жуырда облыстық бюджеттен тағы 182 млн теңге қаралып, оқу-жаттығу жиынын өткізіп үлгерді. Қаржыға қажетті материалдық-техникалық құралдар да сатып алынған. Ал жаңа жылдан кейін бұл бағытқа 116 млн теңге бөлінбек.
Данияр Мұратбеков, аумақтық қорғаныс бригадасының командирі:
Жаңа казармада әскери ұрыс қимылдары мен тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізіледі. Мұнда қорғаныс бригадасының жеке құрамы үшін барлық жағдай жасалған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қажет кезде өңірдің қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етуге және азаматтар қатарынан дайын әскери резерв қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11