Басты Жаңалықтар Түркістан облысында «Келешек мектебі» сапасыз салынған

Түркістан облысында «Келешек мектебі» сапасыз салынған

Түркістан облысының Жетісай ауданында жаңадан салынып жатқан «Келешек мектебінің» сапасы сын көтермей, тапсырылу мерзімінен 1,5 жылға кешіктіріліп жатыр. Мұндай кемшіліктерді аудан әкімі мен сала мамандары кезекті тексеру кезінде анықтаған. Құрылысына 8,5 млрд теңге жұмсалғанымен  ғимарат пайдалануға берілмей жатып, қабырғасы жарылуда. Шатырынан су ағып, жертөлесі толған. Жер тегістеу шаралары дұрыс жасалмағандықтан, ғимараттың іргетасы мен қабырғасының арасында 20-25 см ашылып, жарықтар пайда болған. Баспалдақтары қисайып, сынып жатыр. Бұған дейін де бірнеше рет зерделеу жүргізілгенімен, анықталған кемшіліктер ретке келтірілмеген. Сондықтан аудан басшысы мың жарым балаға шақталған мектепті қабылдаудан бас тартты.

Серік Мамытов, Жетісай ауданының әкімі:

2024-тің негізі қыркүйекке дейін беру керек едіңіздер. Сосын 2024-тің аяғына дейін дедіңіздер. 2025 жылға дейін ауысты, желтоқсанға дейін береміз, жаңа жылға үлгереміз деді. Енді 2026 жыл. Сіздердің мына түрлеріңізбен  2027 жылға дейін созылатын сияқты. Мен бірден айтамын, соңына дейін бітірмегенше, мұны қабылдамаймын.


Бөлісу