АҚШ-та үш қазақстандық қамауға алынды
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік департаменті қылмыстық әрекеттерге қатысы бар шетел азаматтарының арнайы тізімін жариялады. «Worst of the Worst» яғни «Жаманның жаманы» деп аталған бұл тізімге Қазақстанның үш азаматы енген. Ресми дерекке сәйкес, Алабама штатында Жафар Дадаев, Флорида штатының Тампа қаласында Исломдин Искандаров, ал Орегон штатында Юрий Коротких ұсталған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аталған азаматтар ұрлық жасау, шабуылдау және қару қолдану деректері бойынша айыпталып отыр. Қазіргі таңда олардың істері АҚШ-тың көші-қон заңнамасына сәйкес қаралуда. Тергеу нәтижесіне байланысты олар ел аумағынан шығарылуы да мүмкін. Айта кетейік, бұл тізімде басқа да елдің азаматтары бар. Мәселен, Ресейдің - 18, Өзбекстанның - 9, Қырғызстанның - 2, Түрікменстанның - 1, ал Қытайдың 106 азаматы түрлі қылмыс бойынша қамауға алынған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы