Ауа райы: Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, қалың тұман
Бүгін еліміздің бірнеше аймағында ауа райы күрт өзгеріп, көлік қозғалысы айтарлықтай қиындады. Жаңбыр жауып жолдар көк мұзға айналды. Жаяу жүргіншілердің де жүруі мұңға айналды. Өңірлердегі ауа райын әріптестерім жеткізу үшін бізбен байланысқа шықты. Алдымен Қарағандыға сөз берейік.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Өңірде таңға жуық қар аралас жаңбыр жауып, бір мезетте жолдың бәрі көктайғаққа айналды. Соның салдарынан 2 мыңға жуық автокөлік жолда қалды. Республикалық маңызы бар 10, облыстық маңызы бар 3 жол учаскесі жабылған еді. Қазір полиция қызметкерлерінің бақылауымен көлік қозғалысы қалпына келді. Алайда Астана-Қарағанды тас жолы әлі де жабық. Полиция көліктеріне ілесіп күндіз Теміртау қаласына 500, Теміртаудан Қарағандыға 300, Ақмола облысының шекарасына дейін 1200-ден астам көлік жетті. Көктайғақтан бөлек, енді жолды қалың тұман басуда. Сондықтан құтқарушылар жолда барынша абай болып, жол ережесін қатаң сақтауға шақыруда.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елдорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25