Хьюстон қаласында Қазақстанның Тәуелсіздік күні аталып өтті
Хьюстон қаласында Қазақстанның Тәуелсіздік күні диаспорамен бірге кең көлемде аталып өтті. Мерекеге шамамен 300 қонақ жиналып, олардың қатарында Хьюстон мен Шугар-Ленд мэрияларының өкілдері, АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің дипломаттары болды. Техастағы қазақстандық комьюнити – АҚШ-тағы ең белсенді қауымдастықтардың бірі. Соңғы жылдары оның саны бірнеше есе артқан. Хьюстонда қазақ мектебі жұмыс істеп, балалар ана тілін, дәстүрін, өнерін үйренуде, сондай-ақ кәсіпкерлерді біріктіретін бизнес-клуб ашылған. Ал, бұл күні Тәуелсіздік күні барынша аталып өтті.
Алан Маккартни, кәсіпкер:
Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын және Қазақстан мен АҚШ арасындағы достықты жоғары бағалаймын. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға және АҚШ-та бизнесті қолдауға қосып жүрген зор үлесі үшін Техастық қазақстандық қорға алғысымды білдіремін.Бұл мереке қазақстандықтардың шетелде жүрсе де ұлттық болмысын сақтап, Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтып отырғанын көрсетті.
Ал, Шугар-Ленд мэрі Кэрол МакКатчен қазақстандық қауымдастықтың Техаста мәдени диалогты дамытуға қосып отырған үлесін ерекше атап өтті. Хьюстондағы қазақстандықтар енді наурыз мерекесін кең ауқымда атап өтуді жоспарлап отыр.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ПД: Интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді
17.04.2026, 11:36
Жетісу облысында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
17.04.2026, 11:34
Австралияның ең ірі мұнай зауытында өрт тұтанды
17.04.2026, 11:33
Израиль мен Ливан атысты 10 күнге тоқтатты
17.04.2026, 11:31
Петропавл қаласында жағымсыз иіс тарап, ауа сапасы күрт нашарлады
17.04.2026, 11:29
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
17.04.2026, 11:28
Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
17.04.2026, 11:26
Маңғыстауда жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
17.04.2026, 10:07