Басты Жаңалықтар Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді

Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді

  • Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жыл басынан дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың үлесі едәуір артқан. Ал Маңғыстау облысында халықтың спортпен шұғылдануына жағдай жасалса, Жамбыл облысында адам саны аз және шалғай елді мекендерде шағын спорттық нысандар ашылуда.
    Елімізде халық саны тығыз Түркістан облысында соңғы жылдары спорт кешендері мен спорт мектептері, футбол алаңдары көптеп ашылуда. Әсіресе ауыл балаларының түрлі спорт түрімен шұғылдануына жағдай жасалған. Мәселен, Сарыағаш ауданындағы Төңкеріс ауылынан жаңадан ашылған кешенде жеткіншектер спорттың 9 түрі бойынша тегін жаттығады. Араларында халықаралық жарыстарда топ жарып жүргендері бар.
    Нұрахмет Нұрланұлы, спортшы:
  • Мен бұл грепплинг спорт түрімен айналысып жатқаныма бес жыл болды. Күніне 3-4 сағат жаттығамыз.Осы уақытқа дейін төрт дүркін Қазақстан чемпионы болдым. Жәнеде әлем чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері болдым.
  • Ал Маңғыстау облысында дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары мен спорт мектептерін қосқанда мыңға жуық спорт ғимараты бар. Оның 300 дейі ауылдық жерде. Облыс орталығынан тағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған спорт мектеп-интернат-колледжі пайдалануға берілді. Оған қоса, облыс орталығында және елді мекендерде бұқаралық спортқа арналған воркаут алаңдары орнатылған.
  • Мен осы Ақтау қаласының теңіздің жағалауындағы мынау құрылып қойған спорттық нелермен айналысқаныма 4 ай болды. Сентябрьден бастап айналысып жатырмын, маған өте жақсы көмектесті. Мына тізем қақсайтын, оның бәрі қойды. Еттері ауыратын, сіңірлері тартылатын соның бәрі басылды. Оның үстіне мына жерде шыныққан кезде таза ауамен демаламыз, мына теңіздің ауасы.
  • Ұлытау облысында да спорт нысандары жыл сайын артып келеді. Бұл тұрғындар мен жастарды спортқа баулуға үлкен серпін бермек. Биылдың өзінде 60 аса жаңа нысан бой көтерді. Оның 4-уі спорт кешені, ал қалған басым бөлігі ашық аспан астындағы құрылымдар. Одан бөлек 8 спорт залы мен хоккей корды бар. Күні кеше ашылған Жаңаарқа ауданында көптен күткен 300 жуық балаға шақталған спорт кешені ашылды.
    Асыл Барменов, Жаңаарқа аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
  • Ауданымызда қазір жүзу бассейіні бар. Осындай спорт мектебі ашылып жатыр. Ауданымызда Ұлттық спортымыз бар. Нац спорт. Өзімізде осы мектепте 1000 жуық спортшыларымыз бар.
  • Биыл Жамбыл облысында спортпен айналысушылар қатары 515 мың адамға жетті. Бұл облыс тұрғындарының 44 пайызы. Ал аймақта алдағы 2 жылда 2 млрд теңгеге 21 спорт кешені салынады, деп жоспарланған. Соның бірі Сарыкемер ауылында ашылды.

Бөлісу