Басты Жаңалықтар Биыл 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмыстары жүргізілді

Биыл 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмыстары жүргізілді

Елімізде биыл 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмыстары басталды. Жаңа жолдардың ұзындығы - 1,9 мың шақырым. Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Стратегиялық тұрғыдан маңызды күрежолдар қатарында Орталық – Батыс автомагистралы, Қарағанды - Жезқазған, Ақтөбе - Ұлғайсын, Атырау - Доссор учаскелері бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде үш жаңа әуежай құрылысы басталды. Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ, Қызылжар – Мойынты екінші жолының, Алматы маңындағы айналма жолдың, Дарбаза - Мақтаарал және Бақты – Аягөз жаңа теміржол желілерінің құрылысы жүріп жатыр. Ел аумағындағы 124 вокзалға күрделі жөндеу, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу