Қазақстан экономикасы рекордтық өсім көрсетті
Қазақстанның биылғы экономикалық өсімі соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«2025 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6 пайыздан асады деп күтіледі. Қазақстан тарихында тұңғыш рет ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллардан асады. Ол жан басына шаққанда 15 мың доллардан келеді. Елімізде жалпы құны 1478,1 миллиард теңгені құрайтын 185 жоба пайдалануға берілді. 22,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 2025 жылы Президент Достық – Мойынты темір жолының екінші желісін, Қостанай облысындағы KIA Qazaqstan автокөлік зауытын іске қосты. Бұдан бөлек, қара және түсті металлургия, химия, целлюлоза-қағаз, жеңіл және тағам өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында бірқатар жоба іске қосылды», – деп жазды ол.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы