Трамп Иранға ескерту жасады
Егер Иран ядролық бағдарламасын дамытуды жалғастырса, оның салдары «бұрынғыдан да ауыр болады». АҚШ президенті Израиль премьер-министрімен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында осындай ескерту жасады. АҚШ маусым айында Иранның үш ядролық нысанына — Фордо, Натанз және Исфаханға - әуеден соққы жасаған еді. Бұл операция Иран мен Израиль арасындағы 12 күндік қақтығыс кезінде жүзеге асқан. Трамп уран байыту нысандары толық жойылғанын мәлімдесе, Тегеран айтарлықтай зақым болмағанын хабарлаған. Тегеран ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануға құқы барын айтып, жаппай қырып-жоятын қаруға ұмтылмайтынын және мұны болашақта да дәлелдеуге дайын екенін мәлімдеп отыр. Елдің сыртқы істер министрі уран байытуды және зымыран бағдарламасын дамыту жалғасатынын айтты.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Мен олардың қару-жарақ пен басқа да ресурстарын көбейтіп жатқанын оқыдым. Егер бұл рас болса, олар біз жойған нысандарды емес, басқа объектілерді пайдаланып жатқан болуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы