Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Түні бойы жауған жаңбыр елордалықтарды әбігерге салып жатыр. Қоғамдық көліктердің жүрісі қиындаған.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Сыртта ауа температурасы +1 градусты көрсетіп тұр. Жолдардың үстіндегі көк мұз біраз еріген. Дегенмен, аулаларда, шағын көшелерде жүру әлі де қауіпті болып тұр. Әсіресе қоғамдық көліктердің жұмысы біраз қиындаған. Тратуарлардағы мұз да толық ерімеді. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жолдар, тротуарлар мен жаяу жүргінші аймақтары көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп жатыр. Тұрғындар мен қала қонақтарына жолда абай болып, жаяу жүргінші өткелдерінен өтерде сақтық таныту ескертілді. Ал жүргізушілерге жылдамдық режимін, арақашықтықты сақтау және көліктің техникалық жағдайын тексеру ұсынылды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17