Алматыда жаңа жылдық қарбалас
Алматы жаңа жылды ерекше сән-салтанатпен қарсы алуға дайын. Қала көшелері түрлі-түсті шамдарға оранып, ерекше безендірілген. Шаһар тұрғындары мен қонақтары мереке қарсаңында сыйлық таңдаумен әлек. Ал орталық алаңдарда жаңа жылдық атмосфера күннен күнге күшейіп келеді.
Алматының әрбір көшесінен мерекелік леп сезіліп тұр. Жарқыраған шамдар мен әсем өрнекке енген ғимараттар қаланың көркін айшықтай түседі. Халықтың мерекелік көңіл-күйі көтеріңкі. Ал сауда орындарында қарбалас, қала тұрғындары жақын жандарын қуанышқа бөлеу үшін сыйлық алып жүр.
Рая Қадырова, сатушы:
Біз күніне 500 адамдай сыйлықтар тегін орап беріп жатырмыз.Телефондар сыйлап жатыр. Кішкентай балаларға көп кукла, ойыншықтар дегендей көңіл-күйін көтеріп.
Абай алаңында орнатылған бас шырша қала келбетіне айрықша сән беріп, Алатаудың ажарын ашып тұр. Мерекелік безендіруде жәрмеңке стиліндегі ағаш үйшіктер де ерекше көзге түседі. Мұнда да сауда қызу, керектінің бәрі бар. Ал балалар үшін бұл мереке – қуаныш пен ғажайыпқа толы кезең.
Бұл кездің атмосферасы өте керемет. Ертегі әлеміне енгендей боласың. Осы үшін жаңа жыл мерекесін қатты күтемін.Жаңа жыл мерекесі өте күшті мереке. Қазір ат жылы келеді. Жаңа жылда күшті көйлектер киемін.
Қала бойынша 21 мұз айдыны, 480 шағын сәулет нысаны орнатылды. 47 көпір мен жаяу жүргіншілер өткелі, шамамен 2200 ағаш мерекелік шамдармен көмкерілді. Ал 31 желтоқсанда Астана алаңы мереке шуағына бөленеді. Сағат кешкі алтыдан түнге дейін қала тұрғындары мен қонақтары үшін жарқын, есте қаларлық жаңа жылдық бағдарлама ұйымдастырылмақ.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама жасақталды
19.01.2026, 20:40
Таразда оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін
19.01.2026, 20:37
Павлодарда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ошағы ашылды
19.01.2026, 20:35
Робот-хирург тізе буынын ауыстыру операциясын жасады
19.01.2026, 20:33
Жамбыл облысында шекарада мобильді инспекциялық-тексеру кешені іске қосылды
19.01.2026, 20:31
Шымкентте 75 адамның мүгедектік туралы құжаттары күмән тудырды
19.01.2026, 20:28
Суперкомпьютер не үшін қажет?
19.01.2026, 20:24
ЖИ туралы заң толық күшіне енді
19.01.2026, 20:21