Басты Жаңалықтар Шымкенттегі мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылды

Шымкенттегі мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылды

Шымкенттегі орта білім беру ұйымдарында стоматологиялық кабинеттер жұмысын бастады. Енді оқушылар мектептен шықпай-ақ тіс дәрігерінің тексеруінен өте алады. Жоба Президент тапсырмасына сәйкес «Болашаққа - сау тіспен» бағдарламасы аясында жүзеге асуда.
Дәрігерлердің айтуынша, тіс аурулары балаларда көбіне кеш анықталады. Ата-аналардың жұмысбастылығы, емханаға уақыт таппауы – басты себеп. Ал мектеп ішіндегі стоматологиялық кабинет бұл мәселені оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Болашаққа сау тіспен жол картасы аясында Шымкенттің мектептерінде дәл осындай заманауи құрылғылармен қамтамассыз етілген профилактикалық кабинеттер жұмысын бастады. Мұнда оқушылар кешенді стоматологиялық көмек алады. Дәрігерлер оларды жеке қабылдап тексеріп ақыл кеңесін айтады. Бұл бастама тіс ауруларын ерте анықтап алдын алуға бағытталған.
Оқушылар ай сайын тегін профилактикалық тексеруден өте алады. Кабинетте медбике мен дантист, гигиенист мамандар тұрақты жұмыс істейді. Тісжегі секілді жеңіл аурлуарды емдейді. Ал күрделі жағдайларда бала тіркелген емханаға жолданады.
Қарлығаш Амангелдіқызы, тіс дәрігері:

Скринингпен қатар тұр ғой. Скрининг жылына бір рет келетін болса біз бұл жерде тоғыз ай бойы балалармен жұмыс істеп олармен бірге қадағалап барлық аурудың алдын алған профилактикасы жеңілірек әрі оңайырақ.
7-сынып оқушысы Олжас Байдулла алғашында дәрігерге барудан қорқыпты. Кабинетке келгенде бәрі оңай әрі қауіпсіз екенін көріп, тісті қалай күту керегін білді.
Олжас Байдұлла, оқушы:
Тісімдегі проблемаларды айтып берді. Маған кеңес берді. Және тісімді қалай жуу керек екенін қалай күтім жасау керек екенін айтты.
Жанар Тойлыбаева, №23 мектеп-лицейінің директоры:
Тіс дәрігері көріп өзінің кеңестерін беріп жатыр. Балалар алғашқыда қорыққанымен кейін үйреніп рахмет айтып қуанып жатыр. Себебі тісті дер кезінде емдету бүкіл денсаулықтың жақсы болуының кепілі екені сөзсіз.
Стом кабинеттері оқушы саны мыңнан асатын мектептерде ашылады. Онда орнатылатын заманауи қондырғылар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
Инна Глазебная, қалалық Денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасарының м.а.:
Бұл, біріншіден, балалардағы тіс ауруларын азайтуға, ауыз қуысының саулығын жақсартуға бағытталған. Себебі көбіне басқа проблемалар, соның ішінде ас қорыту жүйесі мен басқа органдардың аурулары, ауыз қуысы мен тістерден басталады.

Айта кетейік, Шымкентте биыл 25 профилактикалық кабинеттер ашылады, алдағы 3 жылда олардың саны 87-ге жетпек. Ал республика бойынша 2028 жылға дейін мыңнан аса стоматологиялық кабинеттер жұмыс істей бастайды.

Бөлісу