Бестерек оқиғасы: Сот отырысы уақытша тоқтатылды
Бестерек ауылында төрт баланың өліміне әкеліп соқтырған, резонансты іс бойынша сот процесі уақытша тоқтатылды. Бүгін кезекті сот отырысында, айыпталушының жағдайы күрт нашарлап, сот залына жедел жәрдем шақырылған. Айыпталушыға дәрігерлік көмек көрсетілгендіктен судья сот отырысында үзіліс жариялады. Белгілі болғандай, ол 2013 жылдан бері «эпилепсия» диагнозымен медициналық есепте тұрған. Осы дерт жол-көлік оқиғасына себеп болған. Осыған дейін мемлекеттік айыптаушы жүргізушіні 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сонымен қатар, жәбірленушілерге 15 миллионнан 30 миллион теңгеге дейін моральдық, материалдық шығындарды өндіруді талап еткен. Еске салайық, қайғылы оқиға биыл 19 тамызда Абай облысы Бестерек ауылында болған еді. Toyota көлігін басқарған 55 жастағы жүргізуші аула ішінде ойнап отырған балаларды қағып, салдарынан төрт бала қаза тауып, екеуі түрлі жарақат алған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы