Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді

Жамбыл облысында жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді

Жамбыл облысында жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді. Мәселен бір ғана химия өнеркәсібінде 10 мыңға жуық адам еңбек етеді.
Салада жарты ғасырға жуық өмірін арнаған адамдар мен жас мамандар да жетіп артылады. Олардың 90%-ы өңір тұрғындары мен осындағы оқу орындарын бітірген мамандар. Айдар Ахметов Тараздағы химия зауытында бозбала кезінен істеп келеді. 17 жасында жөндеу цехына жұмысқа орналасқан ол бүгінде 40 жылдық тәжірибесі бар білікті қызметкердің бірі. Жалпы зауыттың өндірістік шеберханаларында 3 мыңдай адам тер төгіп жүр. Араларында 20-дан аса әулет бар.
Айдар Ахметов, жөндеу цехының ағаш ұстасы:

Өз еңбегімді мен жақсы көріп сүйіп жұмыс істедім. Сол үшін бұл еңбегімді тастаған жоқпын. 41 жыл болды жұмыс істеп жүрміз. Жастарға айтарым еңбектен қашпаңыздар. Зауыт өте жақсы, уақытында айлығын беріп тұрады. Киімімен тамағымен қамтамасыз етеді.
Жалпы Жамбыл облысында жыл сайын жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс өсіп келеді. Бұл ретте жергілікті зауыттар өңірдегі орта және жоғары оқу орындарымен меморандумға жиі отырады. Ал биыл 10-нан аса колледжге 4,5 мың грант бөлінді. Бәсекеге қабілетті білікті маман даярлайтын арнайы 6 кешен ашылды.
Алтынай Жайлышева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:
Жаңатас көпсалалы колледжінде Auto hub, Құлан агротехникалық колледжінде Агро hub ашылды. 9-Меркі колледжінде ІТ hub. Бүгінгі күні бұлар заманауи тұрғыда жұмысшы мамандығында оқитын студенттерімізді нағыз еңбек адамы қылып, соның ішінде заманауи үлгідегі құрал жабдықтармен жұмыс істей алатындай, кәсіпорынға дайын жұмыскер ретінде баруға дайын. 

Бөлісу