Педагог тапшылығын шешуге арналған пилоттық жоба
Маңғыстаулық студенттер Шымкенттегі педагогикалық университеттерде тегін білім алып жатыр. Пилоттық жоба мұнайлы өлкедегі кадр тапшылығын жоюға бағытталған. Мемлекеттік грант иегерлері алғашқы семестрін аяқтады. Болашақ мұғалімдермен тілдескен аймақтағы әріптесім баяндайды.
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов Шымкентте болашақ ұстаздармен кездесті. Жас өрендердің оқу үлгерімі мен тұрмыс жағдайымен танысып, пікірлерін тыңдады. Батыс өңірден келген делегация жобаны жалғастырып, студенттер легін арттыруға ниет білдіріп отыр.
Асхат Оралов, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары:
Мұны кеңінен насихаттаймыз және екінші кезеңін іске асырамыз деген жоспарымыз бар. Келесі жылы бұдан 4-5 есе көп студент Маңғыстаудан Шымкентке келсе үлкен жетістік болады деген ойдамыз.Дияс Әмин бизнес және басқару мамандығында оқиды. Оңтүстікке тез бейімделіп, қазір тегін тіл үйреніп, қосымша үйірмелерге қатысады. Жоғарғы оқу орнында студенттерге барлық жағдай жасалғанын айтады.
Дияс Әмин, студент:
Шымкентке келмес бұрын мен Астана қаласына оқуға түсуге талаптандым. Астанада да болдым бірақ Шымкент мүлде ерекше қала екен. Жатаханамыз керемет, қонақ үйден кем емес.Әлібек Нұртаев, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы - ректордың м.а.:
Осы түлектердің ішінен келешекте Маңғыстау өңіріне немесе Қазақстанның түпкір-түпкірінде қызмет ететін мықты мамандар шығарына сенеміз.Биыл Маңғыстаудың 19 түлегі мақсатты білім грантына ие болып, педагогикалық бағытта білім алуға мүмкіндік алды. Пилоттық жоба аясында ауыл мектептерін жас кадрлармен толықтырып, өңірдегі педагог тапшылығын азайту көзделген.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12