Павлодар облысында ең шалғай ауылда заманауи медициналық пункт ашылды
Павлодар облысы, Железинка ауданының ең шалғайдағы Мыңкөл ауылында заманауи медициналық пункт ашылды. Ерекшелігі сол, 150 шаршы метрлік нысанда күндізгі стационар жұмыс істейді. Медициналық мекемені салуға «Ауыл аманаты» Ұлттық жобасы аясында 140 млн теңге қаржы бөлінді. Естеріңізге сала кетейік, аталған жоба аясында былтыр Павлодар облысында 30 медициналық мекеме пайдалануға берілуі тиіс еді. Алтауының құрылысы мерзімінде бітпей, биылға қалды. Ұлттық арна мемлекеттік жобаның аяқсыз қалмауын бақылауға алып, құрылыс барысы жайлы оқтын-оқтын материал беріп отырды. Мыңкөлдегі медициналық пункт құрылысы созбалаңға салынған нысандардың соңғысы. Яғни, бүгінде жоспарланған 30 медициналық пункт түгелдей елдің игілігіне жұмыс істеп тұр.
Ермек Кучуков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Осы медициналық пункт 300 адам, тұрғындарға өте қажет болды бұрыннан. Бұрын осы ауылда медициналық көмек аудан орталығына барып, басқа ауылдарға барып кісілер солай амалдап жүрді. Енді сол медициналық көмек осы жерде көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы