Басты Жаңалықтар 125 мың кәсіпкерге ақпараттық көмек берілді

125 мың кәсіпкерге ақпараттық көмек берілді

Қазақстанда жыл басынан бері 125 мың кәсіпкерге ақпараттық-консультациялық көмек берілді. Кәсіпкерлер тарапынан көбінесе бизнес жоспар құру, салық және бухгалтерлік есеп, тауарларды сертификаттау бойынша сұрақтар жиі қойылады. Елде 2 мллионнан аса шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оларға қаржылық емес қолдау көрсетудің 4 түрі бар. Мәселен, бухгалтерлік және салықтық есеп, заңдағы кейбір мәселелер, несиелік қолдау, қайтарымсыз гранттар, мемлекеттік бағдарламалар бойынша онлайн және офлайн түрде ақпарат беріледі. Айталық, «Бір ауыл-бір өнім» жобасы бойынша ауылдан шыққан 195 кәсіпкер іріктеліп, азық-түлік, қолөнер бағытында өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алды.
Гүлия Жүнісова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының департамент директоры:

Бұл жобаның басты мақсаты - жергілікті шикізаттан өндіретін өнімдерді қолдау және дәстүрімізді дәріптейтін экологиялық таза өнімдерді анықтап, және оны ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған құрал.

Бөлісу