Басты Жаңалықтар Маркетплейстер арқылы суық қару сатудың 150 фактісі анықталды

Маркетплейстер арқылы суық қару сатудың 150 фактісі анықталды

Былтырдан бері елімізде суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу фактісі бойынша 1600-ден астам қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы елорданың «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында өткен ведомствоаралық кеңесте Бас көлік прокуратурасы өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ, маркетплейстер арқылы суық қаруды заңсыз сатудың 150-дей жағдайы анықталған. Тыйым салынған заттар негізінен шетелдік интернет-платформалар арқылы сатылған. Сипаттамада оны қару емес кәдесый ретінде көрсеткен. Уәкілетті органның дерегінше, биыл мұндай құқық бұзушылық азайған. Бұған Ақпарат комитеті мен Көліктегі полиция департаменті және маркетплейстер арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум ықпал еткен. Бас көлік прокуратурасы суық қаруды сатқан және сатып алғандар жауапқа тартылатынын ескертеді. Нақтырақ айтқанда, 180 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Я болмаса қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 50 тәулікке қамалуы мүмкін.
Абзал Бақашбаев, ҚР Бас көлік прокурорының аға көмекшісі:

Қазіргі таңда былтыр 100-ден астам болса биыл 30 –дан астам іс тіркелді. Сол маркетплейстерден сатып алу бойынша. Пиндодуо, АлиЭксресс және басқа да маркетплейстерде кастет қаруларын кастет деп көрсетпей, оған маркетплейтегілер мониторинг жасағанымен олар айналып өтіп сувинер деп көрсетуі мүмкін. Сол себептен маркетплейстерде жарнамалар заңсыз орнатылған. 

Бөлісу