Түркістанда үйінен алтын ұрлаған келін ақшаны құмар ойынға жұмсаған
Түркістанда полицейлер үйінен алтын ұрлаған келінді ұстады. Полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғын өз үйінен алтын бұйымдары мен қаражатының ұрланып жатқанын хабарлаған. Осыдан кейін жедел уәкілдерден арнайы топ құрылып, тергеу амалдары жүргізілді. Нәтижесінде ұрлыққа күдікті ретінде үй иесінің келіні анықталды. Ол биыл мамыр айынан бері үйден түрлі мөлшердегі алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны жасырын түрде ұрлап келген екен. Сөйтіп жәбірленушіге 8,5 млн теңге көлемінде шығын келтірген. Ал ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны түгелдей құмар ойындарға жұмсапты. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17