Таразда әскердегі сарбаздар жұмысшы мамандықтарын меңгеріп жүр
Әулиеата өңіріндегі әскери бөлімдерде борышын өтеп жүрген жас жауынгерлер жұмысшы мамандықтарын меңгеріп жүр. Биыл 50 сарбаз кәсіби маман атанды.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында маман даярлаудың арнайы бағдарламасы бар. Яғни қатардағы жауынгер қолына қару ұстағаннан бөлек, оқуды да қатар алып жүреді. 01/731 әскери бөлімінде техниканы жөндеу және қалпына келтіру базасы жұмыс істейді. Мұнда сарбаздар 7 түрлі мамандықты игереді. Бозбалалар бұзылған техниканы жөндеп қана қоймай, істен шыққан қару-жарақты да қалпына келтіреді.
Данияр Бекежан, сарбаз:
Өзіме негізі танк жағы қызық болды. Оның ішкі құрылысы. Сол үшін мен осы қазіргі кезде бронды танкты жөндеуге, ішін көруге яғни үйренуге, жалпы сол туралы мәлімет ақпарат алуға осы цехқа келдім. Егер 6 айдан кейін маған ұсыныс түссе контрактқа, онда мен міндетті түрде қаламын.
Ал жұмысқа жұмылған сарбаздардың айлығымен қатар, шені де өседі. Олар слесарь, техникалық қызмет көрсетуші, дәнекерлеуші, жүргізуші, токарь, энергетик және механик мамандығын меңгереді. Сондай-ақ қару жарақ пен зымыран кешендерін жөндеуге машықтанады. Биыл әскери бөлімде 50 сарбаз маман атанса, әлі тағы 42 бос орын бар.
Шыңғыс Советбек, 01/731 әскери бөлімінің батальон командирі:
Жауынгерлік дайындық бойынша өздерін жақсы көрсеткен және жақсы ебі бар өзінің мамандығын игергеннің барлығын біз қызметке алып қалуға тырысып, оларға ұсыныс жасаймыз. Олардың сол қалғандары былтырғы сарбаздардың ішінен 9 сарбаз бізге келісімшарт бойынша әскери қызметші болып қалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы