Басты Жаңалықтар «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының игі жобалары

«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының игі жобалары

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Кейден ауылында жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Елді мекен балаларына арналған күрес залы «ҚазАтомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының демеушілігімен салынды. Сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай СКЗ-Ю («SKZ-U») күкірт қышқылы зауытының вахталық қалашығынан заманауи спорт кешені ашылды. 

Кейден – өлкедегі өркендеген елді мекеннің бірі. Аядай ауылда спортпен айналысатын жас көп. Сондықтан «ҚазАтомөнеркәсіп» жаңа жыл қарсаңында соңғы үлгідегі спорттық жабдықтармен салынған күрес залын ауыл спортшыларына тарту етті. Ұлттық компанияның Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов салтанатты шараға арнайы қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. 

Оразәлі Әбжанұлы, ауыл тұрғыны:

Балалар жаттығады, жақсы жағдай жасалып жатыр.Бұл ауыл қазір біраз жыл болды «ҚазАтомпромның» көп көмегін көріп жатырмыз. «ҚазАтомпромның» қолдауымен бізге 6 ай бойы аяқ су тегін беріледі. Соның арқасында ауылымыз гүлденіп, көгеріп жан-жағымыз осындай болып тұр.

«ҚазАтомөнеркәсіп» өндіріске жақын маңдағы ауылдардың дамуына үлес қосумен қатар кен орындарында еңбек ететін жұмысшыларға да қолайлы жағдай жасап келеді. Соның айқын дәлелі вахталық қалашықтан бой көтерген жабық әмбебап спорт кешен. Мұнда жұмысшылар бос уақытында волейбол, баскетбол және футбол ойнап, фитнеспен айналысуына мүмкіндік бар.  

Сағыныш Орынбасаров, «SKZ-U» ЖШС Бас директоры:

Осы Кейден ауылы және күкірт қышқылы зауытының балалар мен жастарға қол жетімді жобалар бағытталған. «ҚазАтомөнеркәсіп» алдағы уақытта өңірлерде әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қолдауды жалғастыра береді.

Жалпы «ҚазАтомөнеркәсіп» ауыл-аймақтың өзекті мәселелерін шешуге белсенді түрде атсалысып келеді. Жуырда ғана Түркістан облысының Шолаққорған ауылында апатты үйде тұрып келген халыққа баспана сыйлап, қаншама отбасы жаңа қонысын тойлады. 


Бөлісу