Басты Жаңалықтар 2025 жылы әлемде болған алапат апаттар

2025 жылы әлемде болған алапат апаттар

Биыл Лос-Анджелестегі өрт салдарынан 16 мың ғимарат қирап, 28 адам қаза тапты. Оңтүстік-Шығыс Азияда су тасқыны мен лай көшкінінен мыңға жуық адам көз жұмған. 2025 жылы әлемде болған алапат табиғи апаттар қандай?

Қаңтар айы. Бірнеше орман өрті Лос-Анджелес аумағындағы тұтанды. Бұл аймақ тарихындағы ең үлкен табиғи апат. Салдарынан 28 адам қаза тапты. 180 мың адам эвакуациаланды. 16 мыңнан астам ғимарат қирап, өрт қаланың шығысына қарай 57, ал батысында 95 шаршы шақырым жерді шарпыды. 

Ақпан айы. Жапония мен Кореяда қалың қар жауды. Күншығыс елінің Обихиро қаласында небәрі 12 сағаттың ішінде 129 см қар түскен. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Наурыз айы. Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды. 140-тан астам адам көз жұмды. Зілзала магнитудасы – 7.7 балл. Дүмпу әсерінен көптеген ғимарат қирап, инфрақұрылымға үлкен зиян келді. Бір айдан ұзақ уақыт өтпей тағы бір қуатты жер сілкінісі Камчатка түбегінің жағалауында тіркелді. 8.7 баллға жеткен зілзала салдарынан көптеген ғимараттар зақымданып, Жапония мен Гавайда цунами қаупі жарияланды.

Ал Индонезияда су тасқыны мен жер көшкінінен шамамен 900 адам қаза болды. Мұндай алапат апаттар Оңтүстік-Шығыс Азияда бірнеше ай бойы жалғасты. Вьетнамда ұқсас жағдай салдарынан 90 адам опат болды. Тағы 12-сі із-түссіз жоғаған. Ел бойынша 186 000 үй зақымданды. Су үш миллионнан астам малды шайып кеткен. Ірі табиғи апаттармен қатар жердің көп бөлігінде аномалиялық ыстық сезілді. Жазда Еуропаның едәуір бөлігінде ауа температурасы 40°C-тан жоғары көтеріліп, әсіресе батыс және оңтүстік елдерде бірнеше апта бойы сақталды. Бұған көбіне Жаһандық жылыну себеп.

Жюльен Николас, Copernicus Climate Change Service ғалымы:

Аптап ыстықтың да, су тасқынының да халыққа қаупі өте жоғары. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тропикалық циклондар салдарынан адам шығыны болғанын көрдік. Бұл климаттың үздіксіз жылынуының ұзақ мерзімді салдары.

Swiss Re реиншуринг компаниясының сараптауына сенсек, 2025 жылдың табиғи апаттары әлем экономикасының қалтасы 220 миллиард АҚШ доллар көлемінде салмақ түсірген. Адам шығынын айтпай-ақ қояйық.

Бөлісу