Биыл 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Биылғы 11 айда 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мыңдаған отбасы жаңа баспанасында қоныс тойын тойлады. Сондай-ақ ел тарихындағы ең ұзақ талқыланған заң жобаларының бірі – құрылыс кодексі екі оқылымда мақұлданып, Сенатқа жолданды. 2 мыңға жуық түзету енгізілген құжатқа сай, жаңа салынған кез келген үйдің кепілдігі 2 жылдан 10 жылға ұзарады. Бұған дейін салынған мектеп, аурухана, тұрғын үйдің кепілдігі екі-ақ жыл болған. Бес жылда құлаған мектептер, қабырғасы сөгіліп жатқан тұрғын үйлер – осы норманың салдары. Енді іргетас, қабырға, шатыр сияқты негізгі конструкциялар 10 жыл сақтандырылады. Сондай-ақ, әрбір елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспары ашық платформада жарияланып, тұрғындар тікелей пікір қалдыра алады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13