Оралдағы оқыс оқиға: Директорға сот үкімі шықты
Оралдағы перзентханада жеделсаты шахтасына құлап, қаза тапқан 50 жастағы әйелдің ісі бойынша сот үкімі шықты.
Оқиға төрт
жыл бұрын перинаталдық орталық ғимаратында болған еді. 2021 жылы 31 желтоқсанда
перзентхана жұмысшысы 50 жастағы әйел жеделсаты кабинасы мен шахтаның арасына
қысылып қалып, сол мезетте қаза тапты. Перинаталдық орталық директорына қатысты
«Өзінің міндетіне салғырт қарау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық
іс төрт жылдан кейін қайта қаралып, сотқа жіберілді. Бүгін Орал қалалық соты
директорды кінәсіз деп танып, ақтау туралы үкім шығарды. Сот шешімі заңды
күшіне енген жоқ.
Айзада
Жұмағұлова, Орал қалалық сотының судьясы:
Сот қылмыстық құқық бұзышылықты жасады деп айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың директоры Жанна Дильманованы кінәлі емес деп тану туралы үкім кесті. Және оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан, ақтау туралы шешім шығарды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17