Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Премьер-министр О.Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-министр О.Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады. Олжас Бектенов биылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары туралы есеп берді. Экономиканы әртараптандыру нәтижесінде ішкі жалпы өнім өсімінің 70 пайыздан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз еткен. Өткен он айда құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінде де тұрақтылық байқалаған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 18 триллион теңгеден асып, жеке инвестиция шамамен 10 пайызға өскен. Сонымен қатар инфляцияны төмендету, шағын бизнесті қолдау және инфрақұрылымды жаңарту шаралары туралы да айтылды. Сондай-ақ, Үкімет басшысы келер жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру ерте басталғанына да тоқталды. Президент Премьер-министрге азаматтардың мүддесіне сай еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді.

 

 

Бөлісу