Басты Жаңалықтар АҚШ-та кәсіп ашқан қазақстандықтар көбейді

АҚШ-та кәсіп ашқан қазақстандықтар көбейді

Шетелде, әсіресе, АҚШ-та кәсіп ашып, табысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың қатары көбейіп жатыр. Олар әртүрлі салада қызмет етуде.  Кей азаматтар Қазақстанда бастаған бизнесін Америкада жалғап, дамытып келеді. Үлгі әрі мысал болар кейс көп. Солардың бірін тілшіміз тарқатып айтсын.

АҚШ, Техас штаты, Шугар-Лэнд қаласы.  «Happy Cake» деген атау тұр. Бұл қазақтың бизнес-моделі,  франшизасы. Асхат Сұлтанов – кондитерлік дүкен желісі бар кәсіпкер. Қазақстанда 200-ден аса дүкені және Ресей, Өзбекстан сияқты елдерде де сауда нүктелері бар. Енді міне, Америкадан да өз кәсібін ашты.

Асхат Сұлтанов, кәсіпкер:

Адамдарға айтарым, шығайық, бірнәрсе жасайық. болмаса Америкаға келдік, қараймыз, болмады, Англияға баруға болады, Дубайға баруға болады. Дубайда Аллаға шүкір енді, қазір шығып жатыр ғой, қазақтың бизнесмендері. Кішкентай палауханадан бастап, үлкен үлкен кәсіпорындарға дейін. Шығып еш қорқпастан,кәсіп ашып, даму керек. қазақтың бизнесі әлемдік деңгейге шығу керек деп ойлаймын.

Асхат Америкада кәсіп ашу оңай емес дейді. Келісім-шарт пен құжаттарды рәсімдеу ұзақ уақыт алады екен. Бірақ, кейін кәсіпкердің барлық құқығы қорғалып, заң аясында жұмыс жеңілдейді. Мұнда кондитерлік тағам дайындау үшін шикізаттың бағасы қолайлы әрі қолжетімді екен. Бірақ, жұмыс күші қымбат бағаланады.

Лэни, дәмхана қызметкері:

Менің жұмыс істеп жатқаныма 6 ай болды. Маусымда осы жердің кофе мәзірін жасадым. Бал торты мен сникерс торттары ұнайды. Бал торты мен Напалеон бірдей өтеді. Торттардың 65 пайызы арнайы тапсырыс бойынша әзірленеді. Бұл торттар америкалық торттардан ерекше. Бұл жақта қолданылатын азық-түлік бірдей. Бірақ, істелуі басқа.

Кондитерлік дәмхананың тағамдарына сұраныс артып келеді. Келіп, осында тамақтанатын адамдардан гөрі, тапсырыспен үйге әкететіндер көп екен.

Нұртас Мұқашев:  

Енді, Хаппи Кейк әрқашан біздің өзіміздің арамызда. Қандай жиын болсын, той болсын Хаппи Кейк  дастарханымызда деп айтуға болады. Бұдан бұрын неше түрлі дүкендерден алып жүретін едік. Бірақ, қазір өзіміздің бауырымыз жасап жатқан тауар болғандықтан қолдаймыз, әрине.

Ал, Қарағандыдан шыққан кәсіпкер, енді Американың басқа қалаларынан тағы да сауда нүктесін ашуды жоспарлап отыр.

 



Бөлісу