АҚШ-та су тасқынынан 2 адам қаза тапты
АҚШ-тың батыс жағалауындағы толассыз жауған жауыннан 2 адам қаза тапты. 200 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Су басуы мүмкін аймақта 8 млн тұрғын бар. Бұған дейін Вашингтон және Орегон штаттары зардап шеккен еді. Қазір Лос-Анджелес, Риверсайд, Сан-Бернардино және Сан-Диего қалаларында жолдар жабылып, лай көшкіні жүріп жатыр. Өзендер арнасынан асуға шақ тұр. Штат губернаторы Гэвин Ньюсом кей аудандарда төтенше жағдай жариялады. Таулы-қыратты өңірдегі тұрғындарға ескертулер жасалып, қауіпті аймақтардан азаматтар көшірілді. Ал, жауын мөлшері апта соңына дейін 30 сантиметрге жетуі ықтимал.
Тим Нидхэм, тұрғын:
Біз тұратын үйдің маңайына құтқарушылар көлігі жинала бастағанын көріп, аман қалатынымызға қуандық. Су ағысына ілініп кетпей, барынша жақындап оларға әрең жеттік. Сол кезде көршілерімнің үйдің төбесіне шығып, құтқаруды күтіп отырғанын да көрдік. Қорқынышты жағдай.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54