Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттілік берілді
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттілік берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сай, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. Бұдан бөлек, министрліктің осы бағыттағы құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болады. Үкіметке қажетті заңнамалық өзгерістерді әзірлеу тапсырылды, ал Жарлықтың орындалуын Президент Әкімшілігі бақылайды. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18