М.Шоқайдың түпнұсқадағы фотосуреттері көрмеге қойылды
Астанадағы Ұлттық музейде Мұстафа Шоқай мен жарының түпнұсқадағы фотосуреттері көрмеге қойылды. Бұл суреттер арқылы көрнекті қоғам қайраткерінің саяси қызметін ғана емес, жарына деген асқақ махаббат пен айнымас адалдығын көруге болады. Онда ХХ ғасырдың басындағы дүрбелең кезең, жат елде эмиграцияда жүріп бір-біріне сүйеу болған екі жанның тағдырынан сыр шертер 50-ден аса құнды жәдігер бар. Суреттердің барлығын тарихи тұлғаның жары Мария Шоқай ондаған жылдар бойы көздің қарашығындай сақтап келген. Көрме - Мұстафа Шоқайдың 135 жылдығына орай ашылды. Сондай-ақ, Мария Шоқайдың «Менің Мұстафам» атты естелік кітабының жаңартылған әрі толықтырылған нұсқасы оқырманға таныстырылды.
Әбдіжәлел Бәкір, мұстафатанушы, профессор:
Мәрия Шоқай шын мәнісінде өмір бойы атамыздың адал досы болып кетті. 23 жыл бірге тұрды, қайғырса қайғырды, қуанса қуанды. О дүниеге аттанғанда да «Менің Мұстафам» деп аттанды. Тіпті өзінің жалғыз күн көріп отырған пианиносын сатып, атамыздың басына ескерткіш орнатты.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00