Басты Жаңалықтар «Болашақ» бағдарламасымен Жи және атом энергетикасы мамандары да білім алады

«Болашақ» бағдарламасымен Жи және атом энергетикасы мамандары да білім алады

Енді жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады. Жыл сайын 20 квота бөлінбек. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен комиссия отырысында айтылды. Биыл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының ережелері өзгерді. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді: біріншісі- кешенді тестілеу, екіншісі-сұхбат. Одан соң ең жоғары ұпай жинағандар қайта іріктеледі. Сондай-ақ бір жыл ішінде конкурсқа тағы бір қатысып, бақ сынауға болады. Биыл 225 азаматқа халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім шықты. Орта есеппен бір орынға 4 үміткерден келді. Сонымен қатар биыл шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарға қойылатын талап та өзгерді. Олар міндетті түрде беделді және халықаралық рейтингте үздік жүздікке енген болуы шарт. Жаңа стипендия иелерінің 152-сі магистратурада, 16-сы докторантурада оқиды. Ал 57 отандасымыз шетелдік университеттер мен орталықтарда кәсіби тағылымдамадан өтеді. Бұдан бөлек 182 жерлесіміз әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтуге грант алды. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру және жетілдіру жөнінде нақты тапсырма берді.


Бөлісу