Басты Жаңалықтар Спорттағы жетістіктер

Спорттағы жетістіктер

Алматыға Реал Мадридті әкеліп, төрткүл дүние назарына іліккен Қайрат пен Англия төрінде атой салып, жаһан жұртын таңдай қаққызған боксшыларымыз. Спорт саласы биыл тағы несімен есте қалды? Қандай реформалар жасалды және үздіктер кімдер?

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Биыл спорт саласы жетістікке толы жыл болды. Қыркүйекте боксшыларымыз Англияның Ливерпуль қаласында өткен Әлем чемпионатында 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп, командалық есепте үздік атанды. Натырақ айтсақ, Өзбекстан, Үндістан, Бразилия тіпті, жарыс қожайыны Англия өкілдерін басып озды. Қазір біз Астана қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешеніндеміз. Мұнда жылды қорытындылауға арналған  жиыг өтіп жатыр. Үздік атанған споршылар мапаратталып жатыр. Олардың арасында грек-рим күресінен ел тарихындағы алғашқы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен әйелдер арасында бокстан әлем үздігі Алуа Балқыбаева бар.

Алуа Балқыбекова, бокстан Әлем чемпионы:

Бокс құрамасы үшін өте нәтижелі жыл болды. Өйткені әйелдер арасында да, ерлер арасында да екі Әлем чемпионаты өтті. Керемет дәрежедегі бокс көрсетті.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Жуырда Дубайда IBA халықаралық бокс қауымдастығының ұйымдастыруымен бокстан Әлем чемпионыты өтіп, жерлестеріміз 6 медаль жеңді. Оның үшеуі алтын. Тағы бір есте қалған оқиға атақты боксшы, Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің жетекшісі Геннадий Головкиннің World Boxing президенті болып сайлануы. Бұл тарихи оқиға. Өйткені бұған дейін бірде-бір қазақстандық халықаралық спорт ұйымдарын басқармаған. Бірақ биылғы ең басты жетістігіміз мемлекет тарапынан қаржыландырылатын спорт түрлерінің үш есеге қысқаруы болды. Бұған дейін 180 спорт түріне бөлініп келінген қыруар қаржы енді елдің атын шығаратын жоғары спорт түрлеріне ғана бағытталады.

Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:

Бұл реформалар бұқаралық спортты дамытуға, балалар спортын нығайтуға және жоғары жетістіктер спортындағы тиімділікті арттыруға бағытталды.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

2026 жылға да жоспарлар көп. Келесі жылдың ақпан айында Миланда Қысқы олимпиада ойындары өтеді. Оған әзірге қанша спортшымыз жолдама алғаны белгісіз. Өйткені алда түрлі жарыстар бар. Сондықтан қаңтар айының соңына дейін лицензиялар сарапқа салынады.
Бөлісу