Басты Жаңалықтар Елімізде 42 су қоймасы салынады

Елімізде 42 су қоймасы салынады

Елімізде ауыз сусыз отырған 70-тен астам ауыл тіршілік нәрімен қамтылды. Жыл аяқталғанша тағы бірнеше елдімекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылмақ. Алдағы уақытта жарты миллион тұрғыны бар 200-ден аса ауыл сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Бұл туралы Су шаруашылығы комитетінің төрағасы мәлімдеді. Сонымен қатар, биыл 6 өңірде гидротехникалық нысандарды салу және жаңартуға бағытталған 12 жоба іске асырылып жатыр. Желтоқсанның соңына дейін Түркістан облысындағы Қапшағай су қоймасы қайта жаңартылмақ. Ал Батыс Қазақстандағы Киров су қоймасы 58 жылдан кейін алғаш рет қолға аланған күрделі жөндеу жұмыстары  жақында толық аяқталмақ. Сондай-ақ, келер жылы гидротехникалық құрылыстарға қатысты 214 жобасын жобалау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Арсен Жақанбаев , ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы:

Жалпы, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау шеңберінде бүгінде салада ауқымды жаңғыртулар іске асырылуда, оның іс-шаралары еліміздің барлық өңірлерін қамтиды және 42 су қоймасын салуды, 37 су қоймасын қайта жаңартуды, сондай-ақ 14,5 мың км суару каналдарын жөндеуді және қайта жаңартуды көздейді.


Бөлісу