Ерекше балаларға емделуге сертификаттар берілді
Елордада ерекше балаларға емделу сертификаттары берілді. Неврология және эпилепсия орталығы ұжымы жаңа жыл қарсаңында балаларға тек көңіл-күй емес, нақты қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырдық дейді. 11 бүлдіршінге тәттілер мен ойыншықтардан бөлек, құны 50 000-нан 120 000 теңгеге дейінгі емделу сертификаттары табысталды. Бұл церебралды сал ауруы, эпилепсия және аутизм диагнозымен күресіп жүрген отбасылар үшін демеу болмақ. Көпбейінді медициналық мекемеде балалармен қатар, инсульт алған немесе жарақаттан кейінгі оңалтуды қажет ететін ересектер де емделеді.
Әлия Сапарова, ата-ана:
Біз сияқты қаншама бала балабақша, мектептерге бара алмай жүр. Соларға үлкен мүмкіндік. Осындай мерекеде қуаныш сыйлаған әрбір жанға мың алғыс білдіреміз.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12