Президент инклюзивті спорт орталығын аралады
Мемлекет басшысы кеше Астанадағы Инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты. Бұл – мүгедектігі бар адамдарға арналған инфрақұрылымның бірнеше бағыты бір жүйеге біріктірілген алғашқы кешен. Мұнда спорттық, медициналық, оңалту және білім беру мүмкіндіктері тоғысқан. Спорттың 12 бейімделген түрінен жаттығу өтеді. Жалпы елордада 42 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар азамат тұрады. Көпшілігі – балалар мен жастар және еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Олар орталықта спортпен тұрақты түрде шұғылданып, оңалту курсынан өте алады. Осылайша, әлеуметтік ортаға бой үйретеді. Сонымен қатар спорт пен білім саласында ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлауға да басымдық берілген.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18