Басты Жаңалықтар Биыл 200 колледж студенті шетелде білім алды

Биыл 200 колледж студенті шетелде білім алды

500-ге жуық педагог пен 200 колледж студенті биыл шетелдің білім беру ұйымдары мен кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті. Бүгінде бұл Оқу-ағарту министрлігі енгізген академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқасында мүмкін. Қазақстандық колледжер Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Грузия сынды бірқатар мемлекеттермен 60 меморандумға қол қойған. Студенттер білімін жасанды интеллект саласында жетілдіремін десе, Қытай, Жапония елдеріне барып бір семестр оқиды. Ал энергетика саласын таңдаса, атом электр станциясы бар елдерге барып білім алады. Осылайша, бастама жалпы халықаралық тәжірибені меңгеруді, жұмысшы мамандарды дайындауды, сондай-ақ білім сапасын арттыруды көздейді.

Әсет Мұханбетов, ҚР Оқу-Ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры:

Шетелдегі колледждермен ортақ меморандумға отырып, қазіргі таңда академиялық ұтқырлық, өзара студенттермен алмасуда, педагогтермен алмасуда және болашақта қос диплом, яғни отандық және шетелдік оқу орнының дипломын беру мүмкіндігін алып отыр.


Бөлісу