Басты Жаңалықтар МӘМС жүйесіндегі өзгерістер азаматтарға қалай әсер етеді?

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер азаматтарға қалай әсер етеді?

1 қаңтардан бастап дәрі-дәрмек түрлері мен медициналық қызметтер қосылған құн салығынан босатылады. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар және сирек кездесетін ауру түрлеріне шалдыққандарға қызмет көрсететін мекемелерге салық салынбайды. Бұл туралы МӘМС жүйесінің жаңашылдықтарын түсіндіру бойынша өткен брифингте айтылды. Жаңа өзгерістер азаматтарға қалай әсер етпек? Жаңа жүйеде D, Е деген 2 санат қарастырылған. Осы 2 санатқа жататын осал топтағы азаматтар автоматты түрде сақтандыру мәртебесіне ие болады.  Ал 5 жылдан бері сақтандыру жарнасын үзіліссіз төлеп келген азаматтар қандай да бір қиын жағдайға тап болса,  сақтандыру мәртебесі 6 ай бойы сақталады. Енді МӘМС есебінен созылмалы аурулары бар азаматтар да тегін емделеді. Мәселен, сал ауруы, қант диабеті, жүйке аурулары мен ревматизм осы тізімге енеді. Бұл ауралардың дәрі-дәрмегі де тегін беріледі. Жаңа ережеге сәйкес, медициналық сақтандыру қоры ашықтық үшін  тоқсан сайын есеп беріп отырады. Яғни қанша қаражат түсті, қалай игерілді, бәрі сайтта жарияланады.

Әлия Рүстемова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

МӘМС жүйесінде сақтандыру бар-жоғына қарамастан азаматтар жалпы медициналық көмек алу құқығына ие болады. Яғни емханадағы дәрігердің алғашқы қабылдауы, вакцинация мен скринингтер, жедел жәрдем көмегі, ауыр жағдай кезіндегі медициналық көмек, инфекциялық аурулар кезінде қаралу, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар 11 ауру түрі бойынша диагностика қызметтері тегін көрсетіледі.

Ләззат Шоманова, ҚР ДСМ МӘМС-ті жетілдіру және талдау департаменті директоры:

Жергілікті бюджеттен жарнаны осал топтағы адамдарға төлейді. Жұмыссыздарға да жергілікті бюджет жарнаны төлеп, осы МӘМС жүйесіне қолжетімділігін толыққанды кепілдендіреді. Ал қалған 2,5 млн жарна төлемейтін адамдар олар жарна төлеуге тиісті. Ол заңда жазылған.
Бөлісу