Басты Жаңалықтар Абай облысында ең таза ауылдарға трактор тарту етілді

Абай облысында ең таза ауылдарға трактор тарту етілді

Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы қорытындыланды. Оның нәтижесінде өңірдегі ең таза 20 ауылға 20 трактор табысталды. Қазылар алқасы қатысушы елді мекендерді бірнеше шарт бойынша бағалаған. Көшелер мен аулалардың тазалығы, жол инфрақұрылымының жағдайы, көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтарды жүйелеу, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық бастамаларға қатысу белсенділігі назарға алынған. Ең үздік 10 аудан мен 10 ауыл жеңімпаз атанды. Жалпы “Таза Қазақстан” эко акциясы кезінде өңірде 349 мыңнан аса тұрғын абаттандыруға атсалысып, 52 мың тонна қоқыс шығарылған. Сонымен қатар, 70 мыңнан аса көшет отырғызылып, ғарыштық мониторинг арқылы 191 заңсыз қоқыс орны жойылған.

Айдын Қожаев, Таскескен ауылдық округінің әкімі:

Бізді бағалап, жұмысымызды бағалады, біз жеңімпаз атандық, сол іс-шараға арнайы келіп отырмыз. Бүгінгі күні осы іс-шарамыз, бүгінгі еңбегіміз бағаланып, ауыл халқына, ел жұртына осы тракторлардың бірі бұйырды. Еңбек етуге нәсіп етсін деп ойлаймын.
 

Бөлісу