Ақтөбе облысында 29 медициналық нысан іске қосылды
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында қайтарылған активтер есебінен тағы бір медициналық пункт салынды. Соңғы екі жыл ішінде өңірде осындай 29 нысан пайдалануға берілген. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бұл жұмыстар алдағы жылы да жалғасады.
Мұғалжар ауданына қарасты Жарық ауылында 550-ден астам
халық бар. Олар медициналық нысанның салынуын көптен күтті. Өйткені, бұған
дейін басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындар көрші ауылға және аудан
орталығына барып әуре болатын.
Бақтыбай Қарабалин, ауыл тұрғыны:
Медпунктіміз бар, ол ескі бір ғимарат. Жағдайы онша емес. Салқын іші. Қазір өте қуаныштымыз. Осындай ғимарат салынды, іші жарық, жылы. Аппаратурасы бар.
Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысына 137 млн
теңге жұмсалды. Заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды. Тұрғындар енді ауылға
тәжірибелі дәрігер келсе дейді. Бұл облыста қайтарылған активтер есебінен
салынған тоғызыншы медициналық нысан. Жақын күндері тағы екеуі қолданысқа
беріледі.
Ерлан Сұлтангереев, облыстық Денсаулық сақтау
басқармасының басшысы:
Рет-ретімен келесі жылы да 6 осындай заманауи медициналық нысанды жергілікті бюджет ақшасымен салуды жоспарлап жатырмыз. Одан кейін 2026-27 жылдарда да осындай 10-15 медициналық нысан саламыз.
Сала мамандарының айтуынша, облыс аумағындағы тағы 20
елді мекенге амбулатория қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы