Басты Жаңалықтар Алматыда өңірлік орнықты даму орталығы ашылды

Алматыда өңірлік орнықты даму орталығы ашылды

Қазақстан Орнықты даму мақсаттарын нақты бюджетпен іске асырып отыр. Ұлттық экономика вице-министрінің айтуыша, бұл көрсеткіштің 94 пайыздан астамы мемлекеттік органдардың даму жоспарына енгізілген, ал өңірлер үшін өзекті индикаторлар облыстың даму жоспарында толық қамтылған. Яғни, әр міндеттің артында қаржы мен жауапты орган бар. Ведомство өкілі соңғы он жылда мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 53 пайыздан 96 пайызға жеткенін, ана мен бала өлімі біршама азайғанын, өмір сүру жасы 71-ден 75 жасқа ұлғайғанын мәлімдеді. Жалпы ел бойынша орнықты даму мақсаттарын бағалауға арналған 200 индикатор қолданылады. Қазақстан бұл тәжірибені халықаралық деңгейде ұсынып келеді. Мәселен, биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғары деңгейдегі саяси форумында 144 мемлекеттің ішінде есеп берген 37 елдің қатарына еніп, үшінші ерікті ұлттық шолуын таныстырды. Сонымен бірге, Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған ұйымның Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығы ашылды. Бұл ынтымақтастықты күшейтіп, Қазақстанның халықаралық рөлін арттыруға бағытталған.

 

Бөлісу