12 адамның өмірін қиған жол апаты: Сот процесі айыпталушысыз өтеді
Ақтөбе облысында 12 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот процесі айыпталушысыз өтеді. Өйткені оқиға кезінде екі көліктің жүргізушісі де қаза тапқан еді.
Еске салсақ, сұмдық жол апаты қазан айының соңында,
«Самара-Шымкент» тас жолында болды. «Даф» маркалы жүк көлігі қарсы бағытқа
шығып кетіп, шағын жолаушылар автобусына соққан. Соның салдарынан он жолаушы
мен екі жүргізуші сол жерде жан тапсырды. Алты адам ауруханаға жеткізілді. Қаза
тапқандардың екеуі бала. Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам
өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша іс қозғалған
еді. Алдын ала сот тыңдауы 29-ыншы желтоқсанда өтеді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16