Мемлекет басшысы Әзербайжан президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Президенттер қазақ-әзербайжан қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын, серіктестікті одан әрі нығайта түсу керегін атап өтті. Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені белгілі. Сол кезде қол жеткізген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру туралы талқылады. Сондай-ақ, әлемдегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18