Besqaru зауыты жылына 200 бронды техника құрастырады
Мемлекет басшысы ақпан айында ғана ашылған шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын Besqaru зауытына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндағы технологиялық процестермен және зауыттың өндірістік мүмкіндіктерімен танысты. Компания жылына 200 бронды техника құрастыруға қауқарлы. Олардың қатарында суды кешіп өте алатын және бронды машиналар, сондай-ақ Tulpar шынжыр табанды техникасы бар. Жобаның жалпы құны 13,5 миллиард теңге. Бүгінде кәсіпорын 134 адамды жұмыспен қамтып отыр. Компания өз өнімін Қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдарға арнап шығарады. Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегі өнімді болуына тілектестік білдірді.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12