Басты Жаңалықтар Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» атты шығармашылық кеші өтті

Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» атты шығармашылық кеші өтті

 

Астанада Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» атты шығармашылық кеші өтті.

Кештің шымылдығы композитордың «Ұлы дала» туындысымен ашылды. Сондай-ақ халық сүйіп тыңдайтын «Ақ жауын», «Ару ана», «Күлтегін», «Қоңырқаз» атты әндері мен күйлері көрерменге тарту етілді. Секен Тұрысбектің шығармашылық жолында туындаған 20-ға жуық күйі мен оншақты әні бар. Шығармашылық кештің «Көңіл толқыны» атауымен өткені бекер емес - бұл композитордың басты туындысы. Өзі негізін қалаған «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі кештің ажарын ашып, композитордың күйлерін жоғары деңгейде орындап берді. Халық әртісі Астана төрінде жеке концертін осыдан 4 жыл бұрын берген.

Секен Тұрысбек, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі:

Астанадағы көрермен де қазір көп өскен, тыңдаушы мол, өнерге деген құштарлығын аңғарып отырған жайым бар. Өзіңнің әнің болған соң, жұртқа өз аузымнан жетсе деген ой еді.

Гүлмира Сарина, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері: 

Ақынжанды адам, әндері жанға жақын. Жалпы, Секен ағаның көптеген әні қоңыр, күйлері де қоңыр болып аталып жатады. Қоңыр желіні де орындағанмын, бүгін қазір орындайтыным – «Қоңырқаз».
 



Бөлісу