АҚШ-тағы қазақтардың бірлігін арттырған қауымдастық
АҚШ-қа барып, білім алатын, тағылымдамадан өтетін қазақстандықтар өте көп. Кей мәліметтер бойынша 100 мыңнан аса отандасымыз Америкада жүр екен. Дегенмен мұхит асып барған бетте ол елде орналасу, бейімделіп кету оңай емес. Сондықтан қазақтар кей штаттарда қауымдастық құрып, соның аясында жерлестеріне қолдау білдіріп жатыр.
«Әр жерде бір үйің болсын» дейтін қазақпыз. Сондай шаңырақтың бірі Хьюстон штатында бар. Бұл - бір жыл бұрын құрылған қазақтардың қауымдастығы.
Бұл азаматтың есімі – Алаш. Атына заты сай дейді көпшілік. Себебі Алаш Хьюстондағы қазақтарды біріктіретін қауымдастықтың белсенді өкілі.
Алаш
Айдарбекұлы, қауымдастықтың өкілі:
Қауымдастықтың ең басты миссиясы - ол қазақтарды біріктіру. Қазақтарға көмектесу, біздің ұлтымызды, мәдениетімізді сақтау.
Ұйымға
арналған шағын кеңседе Қазақстанның тарихы мен бүгіні жайлы жәдігерлер сыр
шертеді. Қонақ бөлмесінде құрақ көрпе жайылған. Хьюстонда жүрген жерлестер осы
қауымдастыққа келіп, келелі кеңес алады. Одан бөлек, бұл – қазақша әңгіме-дүкен
құрып, ұлттық болмысты қуаттай түсетін орын. Қауымдыстықтың аясында қазақтың
төл мерекелері аталып өтіп, түрлі танымдық іс-шаралар да ұйымдастырылады.
Бақыт
Жұматай, докторант:
Осы Хьюстонға көшіп келгенде ең үлкен қуанатын нәрсе - ол осындай қауымдастықтың болғаны. Бар екенін естігенде мен волонтер ретінде белсенді боп, іс-шараларына қатысуға, ұйымдастыруға тырысамыз. Осында жүрген қазақтар көріп жатқандар болса, осындай қауымдастық бар екенін білсін, хабарлассын, елден қандай да бір отандасымыз келіп жатқанын білсек, біз қол ұшын беруге дайынбыз.
Осындағы
кәсіпкер жерлестер қауымдастыққа тұрақты түрде қолдау көрсетіп отырады. Соның
арқасында ұйымның алға қойған жоспары ауқымды. Ең басты міндет – әр қазақтың
кәдесіне жарау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы