Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында 9 мың адам жеке кәсіпкер атанды

Жамбыл облысында 9 мың адам жеке кәсіпкер атанды

Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы басталғалы 9 мың адам жеке кәсіп ашты. Олар 48 млрд теңгеге жеңілдетілген несие алып, өз ісін дөңгелетіп отыр. Әсіресе әулиеаталықтар мал өсіруге ден қойған.

Жеңіл өнеркәсіп, жиһаз жасау мен жылыжай кәсібін бастағандар да артып келеді. Сондай-ақ жамбылдықтар көлік жөндеу орталықтары мен арнайы шеберханалар ашқан. Аймақта «Ауыл аманаты» бағдарламасы 6 жыл бұрын пилоттық жоба ретінде басталды. 153 ауылдық округте жүзеге асты. Жобаға келер жылы 5 млрд теңге бөлінбек. Бұл жолғы талап бойынша ауыл шаруашылық кооперативтері мүгедектігі бар, әлеуметтік осал топтағылар мен табысы жоқ тұрғындарды жұмыспен қамтуға міндетті.

Төлебек Құлекеев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 47 пайызға төмендеді. Осы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ашылған кәсіпкерлер тарапынан 2019 жылы 400 млн теңгеден 2025 жылға 1,6 млрд теңгеге дейін салықтық түсім ұлғайды.
 

Бөлісу