Басты Жаңалықтар Ұлттық ұланда түрлі салада жетістікке жеткен сарбаздар қызмет етеді

Ұлттық ұланда түрлі салада жетістікке жеткен сарбаздар қызмет етеді

Ұлттық ұланында әскери қызметпен қатар түрлі салада жетістікке жеткен сарбаздар қызмет етеді. Олардың арасында чемпиондар мен дарынды өнерпаздар, бірнеше тілді меңгерген жастар бар. Солардың бірі гір тасын көтеруден үш дүркін Әлем чемпионы - Еркебұлан Келдібаев. Оны қаруластары «ХХІ ғасыр Қажымұқаны» деп атайды. Ол Алматыдағы 5571 әскери бөлімде қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздікке үлес қосып жүр. Елордалық сарбаз Батырхан Сағидолла мәнерлі дауысымен көпшіліктің назарын аударды. Ол әскери шерулерге дайындық кезінде дикторлық қабілетімен ерекшеленді. Оның арманы - Жеңіс шеруін жүргізу. Ал 6506 әскери бөлімде қызмет ететін Арман Қайырбаев пен Әзизбек Қалмағанбетов - бұрынғы кәсіби акробаттар. Жігіттер қазір Шымкент көшелерінің тыныштығын күзетіп жүр. Сондай-ақ Ұлттық ұлан қатарында Абай өлеңдерін жатқа айтатын және бірнеше түркі тілін меңгерген сарбаздар да бар. Бұл - заманауи әскердің жан-жақты дамып келе жатқанын көрсетеді.



Бөлісу