Францияда бірнеше аймақты су басып, тұрғындар оқшауланды
Францияның Оңтүстігіндегі бірнеше елді мекенді су басты. Үш күнде екі айлық мөлшерде толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Лез өзені арнасынан шығып, су тасқыны орын алды. Табиғи апаттың салдарынан Монпелье, Сен-Тибери қалаларында үйлерді, көшелерді, трамвай желілері мен теміржолдарды су басты. Салдарынан көлік қозғалысы қиындап, теміржол қатынасы тоқтады. Мыңдаған үй жарықсыз қалып, апат аймағындағы тұрғындар уақытша баспаналарға көшірілген. Алдағы күндері «ауа райы қолайсыз болады» деп дабыл қаққан синоптиктер аймақ тұрғындарына көлік жүргізбеуге, су айдындарына жақындамауға кеңес беруде.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15