Ақтауға ұшақ апатында қаза тапқандардың туыстары келді
Ақтауға ұшақ апатында қаза тапқан экипаж мүшелерінің туыстары келді. Олардың арасында Әзербайжанның ұлттық батырлары Хокума Әлиева, Игорь Кшнякин және Александр Кальяниновтың туыстары, сондай-ақ қаза тапқан бірнеше жолаушының отбасы мүшелері бар. Олар қайғылы оқиғаның бір жылдығына орай, зардап шеккендерді еске алып, оқиға орнындағы ескерткішке гүл қойды. Сапарды Әзербайжанның Қазақстандағы консулдығы мен AZAL әуекомпаниясы ұйымдастырған.
Еске салайық, былтыр 25 желтоқсанда Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде әзербайжандық AZAL әуекомпаниясының Embraer ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшақта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 38 адам қаза тапты.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13